Алматыда «Петросун» ЖШС сұйытылған мұнай газын жоғары бағамен сатқан
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Петросун» ЖШС сұйытылған мұнай газын сату кезінде монополиялық жоғары бағаларды пайдаланғаны анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Ұранхаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.