Ұлттық киімдерді насихаттау
Жастар арасында ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, ұлттық киімдерімізді заманауи үлгіде қайта жандандыру ісіндегі жоғары оқу орны студенттерінің еңбектері
«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», - деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау құрметтеудің көрінісі деп бағаланған.Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған.
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына Қазақ халқының киімдерінде қаншама жылдардың көшпелі, жартылай отырықшылдық және отырықшылдық тұрмыстарының көркем өнеркәсіпшілік жетістіктері мен негізгі принциптері жинақталған. Неолит дәуірінде өру, иіру...