Қазақстанның экологиялық мәселелері
Жаңа тарихи зерттеулер мен архив құжаттары негізінде кеңестік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының экологиялық мәселенің туындауына алып келген қайшыkықтар мен қиындықтардың мәні мен мазмұны ашып көрсетіледі
Елбасының Қазақстан халқына 2005 жылғы Жолдауында Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен жерінде тұр, біздің міндет-осынау бірегей жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін табиғатты ұтымды пайдалану деген еді. Еліміздің алдына Президент қойған осы міндеттің Қазақстандағы экологияның жағдайына тікелей қатысы бар.
1950 жылдардан бастап қоғамның, адам әрекеттеріңнің негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Жаңа ғасырға аяқ басқан Қазақстан Республикасы, көптеген мемлекеттер сияқты, қоршаған орта саласындағы аса күрделі проблемаларға тап болды. Көптеген онжылдықтар бойы Қазақстанда қоршаған ортаға өте жоғары техногендік жүктемелері бар табиғатты пайдаланудың басым шикізат жүйесі қалыптасты. Бұл біздің республикамызда көптеген экологиялық проблемалардың...