Әз-Наурыз-жаңару мен жаңғырудың бастауы
Қазақ халқының мерекелерін дәріптеу!
Тарих бетіне көз жүгіртсек қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірген.Әрбір қиындықтың артынан қуаныш күтетін халқымыз-Әз-Наурыз мерекесін жаңа жылдың бастауы деп ерекше атап өтеді.Күн мен түн теңелетін, тіршілік атаулы шаттыққа кеңелетін,Самарқандтың көк тасы жібитін Әз-Наурыз-ата-заманнан бері үзілмей жалғасын тауып келе жатқан халқымыздың қасиетті мейрамы!
Әз Наурыз-қаһарлы қыстың ызғарынан аман шығып,жаңа жылға қадам басқан әрбір халықтың ерекше мейрамы.Ауа-райы жылынып, күн мен түн теңесіп,қасиетті наурыз көже дайындалатын бұл мейрам-қазақ халқы үшін айрықша орын алып, наурыз айының 22-ші жұлдызында аталып өтіледі.Жаңа жылға қадам басқан әрбір жан іштегі өкпе-ренішін ұмытып,әрбір қазақ бауырымен достық қарым-қатынас құрады.Ардақты аналарымыз жеті түрлі дәмнен тұратын наурыз көжесін дайындап,көрікті аруларымыз қазақи...