21 жасқа толмаған қазақстандықтарға микронесие беруге тыйым салынбақ
АСТАНА. ҚазАқпарат – 21 жасқа толмаған азаматтарға микронесие беруге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашық талқыға шығарған қаулы-жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.