Астанадағы әлем чемпионаты: 6-партияда қытайлық шахматшы жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Астанада шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионы атағы үшін матчтың 6-ойыны өтті. Бұл партияда ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий – қара, қытайлық шахматшы Дин Лижэнь ақ фигуралармен ойнады. Нәтижесінде Д.Лижэнь жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сhampionat сайтына сілтеме жасап.