Петропавлда бірнеше климаттық белдеу өсімдіктері тоғысқан дендробақ ашылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы жоғары оқу орны жанынан шағын дендробақ ашылды. Ол жерден Солтүстік Американың, Альпі және Сібір ормандарының ағаштарын кездестіруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.