Жастарға арналған 2,5% -дық кредит
Микрокредит жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу, бизнесті бастау немесе кеңейту үшін мақсатында беріледі.
"AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" ЖҚ ұйымының тарапынан жас кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік!
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап "Жастар Рухы"ЖҚ ұйымы жас кәсіпкерлерге 2,5% жыл мөлшері бар микрокредиттерді ұсынып отыр. Кредитті рәсімдей отырып, жас кәсіпкерлер өздерінің жаңадан құрылған істеріне қолдау таба алады.
Микрокредиттер еліміздің 21-35 жас аралығын қамтитын кәсіпкерлерге арналады. Сонымен қатар, ескере кететін маңызды мәселе - бұл микрокредиттер жаңа кәсіптің ашылғанына 5 жылдан аспау қажет. Сондай-ақ, микрокредитті алу үшін қандай да бір нақты бизнестің түрі болуы шарт емес, яғни барлық бизнес түрлеріне беріледі. Сондай микрокредиттің ең ұзақ мерзімі: кез келген сала бойынша 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға...