Әлеуметтік желіге тәуелділік
Әлеуметтік желі-қоғамның ең ауқымды мәселелерінің бірі. Бүгінде,еңбектеген баладан,еңкейген қарияға шейін ұялы телефонның құлағында ойнайды. Қазіргі таңда,статистикаға сүйенсек, соңғы жылдары әлеуметтік желіні пайдаланушылар саны күннен күнге көбеюде. Әлемнің 42% яғни 3.2 миллиард адам, әлеуметтік желіні пайдаланады. Бір жағынан, әлеуметтік желілердің арқасында сіз жаңа достар таба аласыз. Сіз әрқашан басқа қалаларда немесе тіпті басқа елдерде тұратын адамдармен танысуды армандаған боларсыз. Қазіргі таңда, желінің арқасында, бұл да мүмкіншілікке айналып кетті.
Неліктен ел арасында пікірталас орнады?
Әлеуметтік психолог, Джонатан Хайдт жақында Atlantic журналында «соңғы 10 жылда американдық өмір неге бұрынғыдан да ақымақ болып кеткенін» түсіндіретін мақаласын жариялады, кінәні тікелей әлеуметтік медиаға жүктеп,адам баласының әлеуметтік желінің кесірінен күн санап ақымақтана бастағанын айтып,ел арасында пікірталас орнатты.
BBC сауалнамасы бойынша,Instagram жастардың психикалық денсаулығына ең нашар әсер береді деген қорытындыға келді. Жасөспірімдер сауалнамасына 14 пен 24 жас аралығындағы 1479 жасөспірімдер қатысты. Сауалнама мазасыздық, депрессия, жалғыздық, кибербуллинг және назардан тыс қалудан қорқу сияқты мәселелерді анықтады. Instagram ең зиянды деп бағаланса, YouTube ең аз зиянды желілердің бірі деп бағаланды.