Менің таңдауым - ҚазҰУ
ҚазҰУ жайлы қосымша мәлімет
Жоғарғы оқу орны - білім мен ғылымның, мәдениеттің түрлі салаларының ұштасып, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған білім ошағы. Қазақта сөз бар: Адам өмірінде екі нәрседен қателеспеу керек. Оның бірі жар таңдау болса, екіншісі мамандық таңдау. Өзіңнің сүйіп таңдаған мамандығыңның нағыз білікті маманы атану үшін де сәйкес жоғарғы оқу орнын таңдаған абзал. Қазіргі мен білім алып жатқан қара шаңырақ Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті менің таңдауым десем қателеспегенім. Қара шаңырақ ҚазҰу- ге түсу менің оныншы сыныбымнан бергі арманым деп нық сеніммен айта аламын. Не себепті менің таңдауым ҚазҰУ-ға түсті? Біріншіден, базалық білім қоры. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің...