Қандас мәртебесіне құжаттар шетелдегі елшіліктерде қабылданады – министрлік
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ендігі уақытта елге оралғысы келген отандастарымыз, қандас мәртебесін алу үшін өтінішті сол елдегі Қазақстанның елшілігі арқылы бере алады. Яғни, елге келудің қажеті болмайды. Жаңа жоба туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.