Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда ковидтің жаңа штамы анықталды. Алғаш Үндістанда шығып, Тұманды Альбионда тарай бастаған жаңа штамм — Арктурдың жұқтыру қауіптілігі өте жоғары дейді мамандар. Бұған қоса ол антиденелерге өте төзімді болып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.