Шахматтан ләззат алу керек, сонда ғана нәтиже болады – 17 жастағы Меруерт Камалиденова жайлы не білеміз
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сарапшылар 17 жастағы астаналық шахматшы Меруерт Камалиденованы Қазақстан шахмат спортының болашақ жұлдызы деген болжам жасап отыр. Оның қазірдің өзінде республикалық және халықаралық деңгейде жетістіктері мол. Меруерт күні кеше ғана елордада өткен Қазақстан мен әлем құрамалары арасындағы матчта Дүниежүзінің төрт дүркін чемпионы, қытайлық Хоу Ифаньды жеңді. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі жас талант иесін әңгімеге тартып, алдағы жоспар, мақсаты жайлы сұрап білген еді.