Ресейде оқитын қазақстандық студент өз еркімен ЧВК Вагнермен келісімшартқа отырған - СІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ресейде білім алып жатқан қазақстандық студент өз еркімен жеке әскери компаниямен келісімшартқа отырған. Бүгінде ақпардың қаншалықты рас екені анықталып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.