Тоқаев Қазақстанның Әлеуметтік кодексіне қол қойды
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кодекстің мәтіні баспа түрінде жарияланады.
Сенат 16 наурызда Әлеуметтік кодекс жобасын қабылдады.
Кодексте қазақстандықтарды әлеуметтік қолдаудың жеті негізгі бағыты, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және зейнетақымен қамсыздандыру шаралары көрсетілген:
балалары бар адамдарды (отбасыны) әлеуметтік қолдау;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары;
кедейлік шегінен төмен тұратын отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек;
арнаулы әлеуметтік қызметтер;
мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау;
зейнетақымен қамтамасыз ету;
азаматтардың жекелеген санаттарын, оның ішінде асыраушысынан айырылғандарды әлеуметтік қолдау.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!