Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет - жетекші ұлттық университет
ҚазҰУ - 1933 жылғы 13 қарашадағы Қазақ өлкелік комитеті бюросының қаулысымен құрылған Республиканың ең көне классикалық жоғары оқу орны болып табылады. Өз қызметінің 90 жылында университет көпұлтты Қазақстанның экономикасының, саяси-құқықтық өмірінің, мәдениетінің, ғылымының және білімінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты және еліміздің жоғары мектебінің бүкіл жүйесінің тірегіне айналды. Ол бүгінгі күнге дейін республикадағы ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі орталықтарының бірі, жоғары кәсіби, білікті кадрлардың ең ірі ұстасы болып қалыптасты және болып қала береді.
Бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - еліміздің тұңғыш классикалық университеті және барлық жоғары оқу орындары арасында Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының бірінші лауреаты. Әл-Фараби...