Яндекс бірлескен бизнестегі Uber үлесін толықтай сатып алды
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – «Яндекс» Uber такси агрегаторының «Яндекс Такси» компаниялар тобындағы үлесін толығымен сатып алды. Келісімнің жалпы сомасы $702,5 млн болды. Бұл туралы «Яндекс» хабарламасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.