Қарағандылықтар енді автобустарда электронды кітап оқи алады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандының 60 автобусында электронды кітап оқу мүмкіндігі пайда болды. Бүгінгі таңда электронды кітапханалар 22 қоғамдық көлікте жабдықталған. Кітап оқу үшін жолаушылардың смартфондары интернетке қосулы болса жеткілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.