Жетісу облысының әкімдігі жарты миллиард теңгеге жуық қаржыға көлік алмақ
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысының әкімдігі 469 миллион теңгеге 28 көлік сатып алу үшін тендер жариялады. Әр көліктің бағасын 16 млн 750 мың теңгеге белгілеген, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.