Алматыда волонтерлер із-түзсіз жоғалып кеткен 69 адамды тапты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда волонтерлер із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге белсенді түрде қатысып келеді. Жыл басынан 30 адамнан тұратын ерікті жасақ 69 адамды тауып, құтқарды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.