Қандастар өңірлік квотаға өтінішті eGov.kz пен eGov mobile арқылы бере алады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бойынша мемлекеттік қызмет eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасында да көрсетіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.