ҚАРА ШАҢЫРАҚ ҚАЗҰУ - ТАЛАЙ АРМАН ОРЫНДАЛҒАН ТАРИХИ МЕКЕН
ҚАРА ШАҢЫРАҚ ҚАЗҰУ - ТАЛАЙ АРМАН ОРЫНДАЛҒАН ТАРИХИ МЕКЕН
Қазақтың талай дарынды азаматтарының басын қосып, біртуар азамат қылып тәрбиелеген қара шаңырақ – ҚазҰУ екені айтпаса да белгілі. Тарихы тереңге бойлайтын, түлектері еліміздің дамуына аянбай еңбек ететін университетіміздің бүгінде жеткен жетістіктері де аз емес. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 1934 жылы 15 қаңтарда іргесі қаланғаннан бастап Қазақстанның білімі мен ғылымының дамуына оразан зор үлес қоса отырып, білікті мамандарды даярлауда көшбасшы болып келеді.
Алатау бөктерінде орналасқан Алматы қаласының Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне арман қуып келген студенттер яғни, біздерге барлық жағдай жасалған. «Студенттер қалашығы» аталғандай-ақ, алып Алматы шаһарының ішіндегі шағын қалада өмір сүріп жатқандаймыз. Өзіндік ішкі аурасы, жеке тәртіп, жарғысы,...