Ақмола облысының мұғалімі үздік жас педагог атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI республикалық байқауы аяқталды. Оған еліміздің барлық өңірінен 57 педагог қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.