Биыл Жетісу облысында қант қызылшасының алқабы екі есе артты
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Биыл Жетісу облысында қант қызылшасының алқабы екі есе артты. Былтыр түрлі себептермен небәрі 4 мың гектарға тәтті түбір еккен шаруалар биыл 8 мың гектарға дән-дақыл себуге кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.