Қазақстан парадзюдо құрамасы Азия чемпионатынан 14 медаль жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада парадзюдодан Азия чемпионатының жекелей сайыстары өз мәресіне жетті. 11 елдің 100-ден астам спортшысы J1 (көзі мүлдем көрмейтін) және J2 (көзі нашар көретін спортшылар) санаты бойынша өзара мықтыны анықтады. Жекелей сайыс нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпы командалық медаль кестесінде екінші орынға жайғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.