Қазгидромет: 3 өңірде өзен суы көтерілуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат – 16-17 сәуір аралығында жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу, Алматы және Түркістан облыстарында өзен суы көтеріледі деп күтіледі. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.