Жаңаөзенде 100-ден астам мұнайшы жұмыс сұрап, наразылыққа шықты
Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында бір топ мұнайшы тұрақты жұмыс талап етіп, "Өзенмұнайгаз" компаниясы ғимаратының алдында кешеден бері ереуілге шығып тұр. Сонда түнеп шыққан ондаған адам мәселе шешілмесе, ешқайда кетпейміз дейді.