Литва Транскаспий бағытымен жүк тасымалы көлемін арттыруға мүдделі
ВИЛЬНЮС. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшісі Тимур Оразаев Литва Көлік және коммуникация министрі Мариус Скуодиспен кездесіп, екі ел арасындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ-не сілтеме жасап.