Жаңаөзендіктер ұсталған мұнайшыларды босатуды талап етіп жатыр
Астанаға жұмыс сұрап келген мұнайшыларды арнайы жасақ күшпен ұстап әкетті. Осы оқиғадан кейін Маңғыстау облысында, Жаңаөзен қаласы маңында мұнай саласында істейтін компаниялар ұсталғандарды босатуды сұрап, мәлімдеме жасады. Жаңаөзенде әкімдік айналасында интернет баяулағаны хабарланды.