Серік Бейсембаев: Билік наразыларды күштеп ұстап, қателік жасады
Астанада тұрақты жұмыс талап етіп, наразылық акциясын өткізген жүзден аса мұнайшыны полиция мен арнайы жасақ күштеп ұстап әкеткен. Билік бейбіт тұрған наразыларды тарату үшін неге сондай шешімге барғанын әлеуметтанушы, Paperlab зерттеу орталығының жетекшісі Серік Бейсембаевтан сұрадық.