Суретші Дәурен Макин жеті жылға сотталды
Астана соты суретші Дәурен Макинді "терроризмді насихаттады" деген айыппен жеті жылға абақтыға қамады. Суретші былтыр сәуірде ұсталған. Адвокаттың сөзінше, Макинге тағылған айып диктофондағы әңгімеге сүйенген. Істі ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген.