Қай мамандық дұрыс немесе тренинг
Мектеп сахнасына арналған шағын қойылым.
(Көрініс)
(Сахнаға екі қыз шығып, айна алдында тұрғандай көрермендерге қарап үсті-бастарын түзеп, шаштарын жөндей бастайды. Кенет Фатима екі бетін шапаттап):
— Сұлулық — беттің жылтырағанында емес, иман мен білімнің қатар жарқырағанында! Мен — иманды, ақылды, білімді, көркем мінез, сұлу қызбын! Мен — бақыттымын! Менде жаман мінез жоқ! Менде қызғаныш, көреалмаушылық, жеккөрушілік, реніш, мақтану, тәкаппарлану сезімдері жоқ! Мен — ақылды, бақытты, сұлу қызбын! - деп шабытпен айта бастайды.
(Бағанадан бері оған таңдана қарап тұрған Әмина):
— Психологиялық сабақтарды көп көріп қойған жоқсың ба? Қылығың біртүрлі ғой? - дейді кекетіп.
Фатима:
— А, Әмина! Бұл жаттығу «миды сендіру» немесе «миды алдау» деп...