"Жаназа шығаратын үй таппадым". Қаңтарда туысы қаза тапқандар көмек талап етті
Шымкентте Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан марқұмдардың туыстары әлеуметтік талап қойып, әкімдікке барды. Бірақ әкіммен әрең кездесті. Наразы топ 5 миллион теңге әлеуметтік көмекпен және баспанамен қамтуды сұрайды.