Мәсімов ісінің астары, оққа ұшқан марқұмдарды айыптау
ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовті жақтаушылары әділетсіз соттады деп мәлімдеді. Соттың аса құпия өтуінің астары неде? Алматыда адамдарды азаптады деген күдікке ілінген ҰҚК-нің 11 экс-қызметкерінің ісі жабық өтіп жатыр. Жәбірленуші тарап соттың ашық өтуін талап етті. Қаңтарда президент резиденциясының маңында оққа ұшып, қаза тапқан 5 адамды прокурор айыпты деп тануды сұрады. Қорғау тарабы істің тергелуіне күмән келтірді.