Айгүл Темірова: Дәрігерге керегі – адамгершілік, төзім, сауаттылық
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақ халат киген дәрігерлер, ем іздеген науқастар Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының қалпына келтіру емі бөлімшесінің дәрігері Айгүл Темірованың күнделікті өмірі. Еңбек өтілі 25 жылды құрайтын өз қызметіне адал жанның жеткен жетістігі мен алған асуы өзімен иық тірестіріп жүрген әріптес іні-қарындастарына үлгі болардай, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.